Скрининг өтуге шақырту

Скрининг өтуге шақырту
10.07.2026
Құрметті №4 Қалалық емхананың пациенттері!

Денсаулық – өмірдегі ең үлкен байлық. Күнделікті қарбалас тіршілікте өз денсаулығымызға көңіл бөлуді кейінге қалдырып жатамыз. Алайда көптеген аурулардың алдын алып, оларды ерте кезеңде анықтаудың ең тиімді жолы – скринингтік тексеруден уақытылы өту.

№4 Қалалық емхана сіздерді тегін скринингтік тексеруден өтуге шақырады!

Скрининг – аурудың алғашқы белгілерін ерте анықтап, дер кезінде ем қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл – өз денсаулығыңызға ғана емес, отбасыңыздың амандығына жасалған маңызды қадам.

Уақытыңызды бөліңіз, денсаулығыңызды бағалаңыз!

№4 Қалалық емхана – сіздің денсаулығыңызға әрқашан қамқор!

Add New Comment