
Ресми сайтқа қош келдіңіз!
Сіздерді біздің ресми сайтымыздың парақшасында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің емхана – Алматы қаласы Бостандық ауданындағы аралас үлгідегі ірі медициналық ұйымдардың бірі. Емхана тіркелген халыққа амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Мекемеміз білікті мамандармен толық қамтамасыз етілген және заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.
Бізде Сіз Мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде сапалы медициналық қызмет ала аласыз.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «№4 Қалалық емханасының» стратегиялық даму жоспарына сәйкес, халық денсаулығының деңгейі мен өмір сүру ұзақтығын тиімді профилактика, сапалы диагностика, емдеу, абилитация және оңалту шаралары арқылы арттыру көзделген.
Біздің мақсатымыз – профилактика, диагностика, емдеу және оңалтудың заманауи қағидаттарын, инновациялық тәсілдерді, стационарды алмастыратын технологияларды және салааралық өзара іс-қимылды тиімді енгізу арқылы сапалы, білікті әрі пациентке бағдарланған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін әлеуметтік бағыттағы медициналық ұйым болу. Сонымен қатар, тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруды басты міндеттеріміздің бірі деп санаймыз.
Біздің сайттан емхананың негізгі қызмет бағыттары, бөлімшелердің жұмысы, дәрігерлер ұжымы туралы толық ақпарат алып, өзіңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Құрметті пациенттер!
Сіздерге сапалы медициналық қызмет көрсетуге әрдайым дайынбыз!
ӨМІРБАЯН
Утағанов Бақыт Құстайұлы
Білімі
2000–2006 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Педиатрия» мамандығы бойынша бакалавриат.
2006–2007 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.
2010–2012 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша резидентура.
2020–2021 жж. – Қазақстандық қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСЖМ), «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратура.
2024 ж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша сертификаттау курсы.
Мамандығы
- Денсаулық сақтау саласының менеджері
- Қоғамдық денсаулық сақтау маманы
- Жоғары біліктілік санатындағы ересектер дәрігер-инфекционисі
- Дәрігер-педиатр
Еңбек жолы
2007–2010 жж. – Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық орталық емханасы, дәрігер-педиатр.
2011–2012 жж. – Алматы қаласы №1 қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, дәрігер-инфекционист.
2012–2015 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ассистенті.
2015–2019 жж. – Алматы қаласы И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, бөлім меңгерушісі, дәрігер-инфекционист.
2019–2020 жж. – Алматы қаласы И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2020–2023 жж. – Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы, бас дәрігердің стратегиялық даму жөніндегі орынбасары.
2023–2025 жж. – Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы, директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаты (2018 ж.).
- «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №271 бұйрығы.
- «Халық алғысы» мемлекеттік медалі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 19 маусымдағы Жарлығы.
- Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанын даярлау мен өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2022 жылғы қараша).
- «Клиниканың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі. Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ КМК Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы директорының 2025 жылғы 10 маусымдағы №622-лс бұйрығы.
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 13 қазандағы №18 бұйрығы.