Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) негізгі мақсаты – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «№4 қалалық емханасы» қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.
Қызметтің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ осы бағыттағы үздік халықаралық тәжірибелерді сақтауды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау, бағалау және қайта бағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
- Комплаенс бағыттары бойынша бақылау мен мониторингті жүзеге асыру.
Байланыс ақпараты
Call-орталық: +7 775 030 16 06
WhatsApp Call-орталығы: +7 700 674 60 37
Комплаенс-офицер: Нұрқабек Асхат Қуатұлы